Зеленский АҚШ-қа аяқ басты: Украина президенті мен Байден қандай мәмілеге келді? - Exclusive
Поддержать

Зеленский АҚШ-қа аяқ басты: Украина президенті мен Байден қандай мәмілеге келді?

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа сапар шегіп, АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті.

Владимир Зеленский Конгресстегі Өкілдер палатасының мінберінде сөз сөйледі.

Кейін ол АҚШ президенті Джо Байденге Украинаға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Келіссөз нәтижесі бойынша, АҚШ Украинаға қаржылай көмек ретінде 1,85 млрд доллар бөлетін болды. Сондай-ақ, «Patriot атты әуеден қорғану құралы беріледі.

Джо Байден Ресей президенті Владимир Путин «қысты қару ретінде пайдаланады» деп мәлімдеді. АҚШ президенті Вашингтон Киевке әскери қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Айта кетейік, Владимир Зеленский Ақ үйге әскери үлгідегі жасыл киіммен келді.

Фото: РБК

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.