Зеленский биылғы жылы Ресейдің жеңілетінін айтты
Украина президенті Владимир Зеленский алдағы айларда Ресейдің жеңілуі мүмкін екенін айтты. Ол өзін Библиядағы Дәуітке, ал Ресейді Голиафқа теңеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Голиаф қазірдің өзінде жеңіле бастады. Голиаф биыл міндетті түрде құлайды, – деді Зеленский Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясындағы (MSC) бейне хабарламада.
Зеленский конференцияда Батыс елдеріне ресейлік агрессиямен күресте әскери көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Сонымен қатар басқа елдерден қару-жарақ жеткізуді жылдамдату керек екенін жеткізді.
– Сондықтан бізге жылдамдық қажет, біздің өміріміз осыған байланысты, – деп түсіндірді ол.
Фото: Голос Америки
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.