Зеленский Черчилл атындағы сыйлыққа ие болды
Британ үкіметінің Украина президенті Владимир Зеленскийге «Путиннің жабайы басқыншылығына төтеп беріп, батылдық пен қайсарлық көрсеткені үшін» берілді.
Сыйлықты виртуалды түрде табыстау рәсіміне Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен Халықаралық қоғамның басшысы Лоуренс Геллер қатысты.
– Еуропадағы демократияға қазір қауіп төніп тұр. Уинстон Черчилль сияқты, президент Зеленский тиранияның жеңіске жетпеу керек екенін көрсетеді, – деді Лоуренс Геллер.
Оның айтуынша, Зеленскийдің демократия қағидаларын ұстануы және өз елін қорғаудағы батырлығы үлгі.
Марапатты Украинаның Ұлыбританиядағы Елшісі Вадим Пристайко елге жеткізеді.
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.