Зеленский үлкен жиырмалық саммитінде Ресейге ұсыныс жасады
Бүгін Индонезияда G20 саммиті өтті. Бұл жиынға Ресей президенті Владимир Путин келген жоқ. Оның орнына Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысты.
Украина президенті саммите бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді. Владимир Зеленский Балидегі G20 саммитінде Ресейді соғысты тоқтатуға шақырды.
– Мен қазір Ресей бастаған жойқын соғыстың тоқтайтын уақыты келді деп санаймын, – деді Украина басшысы.
Сонымен қатар, ол Ресейге тұтқынға түскен барлық азаматтарды айырбастауды ұсынды.
Фото: РБК
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.