English version

Зеленский ресейлік әншілер мен спортшыларға Украинаға кіруге тыйым салды

Контекст дня — 8 января 2023 16:15
0 -1

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік актерлерге, әншілерге, шоумендерге, спортшыларға қатысты жаңа санкциялар туралы Жарлыққа қол қойды.

Санкция тізімінде Ирина Аллегрова, Максим Аверин, Дима Билан, Игорь Бутман, Александр Буйнов, Лариса Долина, Полина Гагарина, Михаил Галустян, Филипп Киркоров, Сергей Лазарев, Григорий Лепс, Никита Михалков, Евгений Петросян, Стас Пьеха, Юлия Савичева, Анна Семенович, Виктор Сухоруков, Михаил шуфутдинский, Дмитрий Харатян, Леонид Якубович бар.

Сондай-ақ, Ресейде қызмет етіп жүрген Украина азаматтары әнші Лолита Милявская, тележүргізуші Жанна Бадоева және украиналық футболшы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Анатолий Тимощукке санкция салынды.

Тізімдегі 119 адамға 10 жыл бойы Украинаға кіруге, сондай-ақ осы елдегі активтерді пайдалануға тыйым салынады.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.