Зеленский Рим Папасымен кездесті
Украина президенті Владимир Зеленский Италияға ресми сапармен барып, Рим Папасымен кездесті, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Кездесудің негізгі тақырыбы Украина жеріндегі – соғыс. Владимир Зеленский Украинаның бейбітшілік формуласын ұсынды.
– Әділеттікке жетудің нақты және шынайы алгоритмі Украинаның бейбітшілік формуласында көрсетілген. Соғыс Украина аумағында жүріп жатқандықтан, бейбіт жоспар тек украиндық болуы мүмкін, – деді Зеленский.
Ол Рим Папасы Францисктен формуланы жүзеге асыруға көмектесуін сұрады. Бейбітшілік формуласында азық-түлік қауіпсіздігі, тұтқындарды босату, жер аударылған адамдарды босату және әділдікке қол жеткізу сынды мәселелер қамтылған.
Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі
#Украина #Зеленский #РимПапасы
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.