English version

Зеленский украин сарзбаздары азат еткен Херсон қаласына келді

Контекст дня — 14 ноября 2022 17:30
0

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей сарбаздарынан азат етілген Херсон қаласына келіп, НАТО мен әлемдік қауымдастыққа Ресейдің әскери агрессиясына қарсы күресте қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Зеленский сарбаздарға алғыс айтып, Украина армиясы алға жылжуға және бейбітшілік орнатуға дайын екенін айтты.

– Біз алға ұмтыламыз. Еліміз үшін бейбітшілік орнатуға дайынбыз, – деді Зеленский.

Еске салайық, 12 қараша күні Украинаның арнайы күштері Херсон қаласына кірді. Украина президенті Владимир Зеленский бұл күнді «тарихи күн» деп бағалады.

– Бүгін тарихи күн. Біз өз жерімізді қайтардық, Херсонды қайтардық. Арнайы бөлімшелер қазірдің өзінде қалаға кірді. Херсон халқы Украинадан үміт үзбей, әбден күтті. Біздің мемлекетімізге деген үміт әрқашан ақталады. Украина әрқашан өз дүниесін қайтарып алады, – деді Зеленский.

Фото: Reuters

Изображение 1 для Зеленский украин сарзбаздары азат еткен Херсон қаласына келді
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.