Зеленский Украина халқын Рождество мерекесін тойлауға шақырды
Украина президенті Владимир Зеленский 25 желтоқсаннан бастап христиан елдері атап өтетін рождество мерекесін тойлауға шақырды. Зеленский бұл туралы бейнеүндеу жариялаған.
Президент биылғы жылы Ресеймен әскери қақтығыстың кесірінен көптеген мереке қалыс қалып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ Зеленский Ресеймен соғыс іс жүзінде сегіз жыл бойы жалғасып келе жатқанын, бірақ украиндар ел бостандығы үшін күресетінін айтты.
– Көпшілік Украинадан кетуге мәжбүр болды. Қазір басқа елдерде қиын жағдайда күн көріп жүр. Ең қиыны, кейбір әскерилер тұтқынға алынды. Біз барлық украиндық ержүрек ерлер мен әйелдерді азат етеміз, – деп атап өтті Зеленский.
Фото: Известия

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.