English version

Зеленский Украинаны қалпына келтіруге қанша қаражат керек екенін айтты

Контекст дня — 30 августа 2022 18:00
0 -1

Владимир Зеленский Украинаны қалпына келтіру үшін шамамен 600-800 миллиард доллар қажет екенін айтты. Нақты сома соғыс аяқталғаннан кейін белгілі болады.

– 600-800 миллиард доллар бұл Луганода (Швейцария) айтылған баға. Бұл сома көпшілік алдында айтылды. Барлығын қайта қалпына келтіру үшін бізге осындай көлемдегі қаржы қажет, – деді Владимир Зеленский.

Зеленскийдің пікірінше, қазір нақты соманы айту қиын. Украинадағы білім беру орындарын, порт, көлік және тұрғын үйді қалпына келтіру керек.

Биылғы жылдың наурыз айында Украина премьер-министрі Денис Шмигал 500 миллиард доллар қажет деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Украинаны қалпына келтіру қорын толтыруға шақырып, көмек сұрады.

Фото: РБК


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.