«Өзенмұнайгаз» тендерлерінің заңдылығы тексеріледі
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына орталық аппараттың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан құрылған жұмыс тобы келді, деп хабарлайды Exclusive.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс тобы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да тендерлерді өткізу кезінде заңдылықтың сақталуы және ашықтықтың қамтамасыз етілуі мәселелерін тексереді.
– Мердігер ұйымдардың қызметкерлері бұл мәселені жиі көтеріп, оны еңбек жағдайларының нашарлауымен және жалақының төмендеуімен байланыстыратыны белгілі. Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаржы-шаруашылық құжаттамасын және сатып алуларын ықтимал бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан талдайды. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының және жалпы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізілуде, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.