Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлем чемпионы атанды - Exclusive
Поддержать

Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлем чемпионы атанды

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша ресми түрде әлем чемпионы атанды.

Деметриус Андраде орта салмақтағы WBO титулынан бас тартып, белбеуге үміткер Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты. Осылайша, WBO қазақстандық боксшыны титулдың иегері деп жариялады.

– Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы уақытша чемпионнан толық құқықты чемпион мәртебесіне дейін ауысты, – делінген WBO хабарламасында.

Қазақстандық боксшы бұл жеңісіне қатысты пікір білдіріп, қазақ халқынан сүйінше сұрады.

–Мен әлем чемпионымын! Мен WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы қазақпын. Бұл тарих! Өте қуаныштымын, Аллағв шүкір, – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.