Ya Metrika Fast


English version

Жұманғарин Путиннің Астанаға не үшін келетінін айтты

Контекст дня — 7 ноября 2023 17:20
0
Изображение 1 для Жұманғарин Путиннің Астанаға не үшін келетінін айтты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға сапары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Бұл мемлекетпен бізді сауда-экономикалық қарым-қатынас, тату көршілік байланыстырады. Сондықтан бұл форумға биыл 19 жыл толды. Пандемия кезінде өткізілмеді. Бұл жолғы форумда ең алдымен, біздің елдеріміздің тұрғындары мен олардың кәсібіне қажет мәселелерді талқылаймыз. Биылғы форумда ауыл шаруашылығына қатысты үлкен мәселе қозғалады. Бұл ауыл шаруашылығын цифрландыру, ауыл шаруашылығы жастары және т.б. Мұнда қандай саясат болуы мүмкін? – деді Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша, форумға сарапшылар, өңірлердің басшылары келіп, сауда-экономикалық өңіраралық келісімдерге қол қойылады.


Еске салайық, 9 қараша күні Тоқаевтың шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Фото: Ukimet


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.