Жұмыстан босатылған шенеуніктерге тағы бір мүмкіндік беріледі
Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкес келтіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының нормалары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қамтиды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конституциялық сот «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне мерзімсіз тыйым салуды белгілеу бөлігінде Конституцияға сәйкес емес деп таныды.
Осыған байланысты заң жобасы мемлекеттік қызметтен босатылғандар үшін келесі шектеу мерзімдерін белгілеуді ұсынады:
бір жыл – Қазақстан заңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған адамдарға;
екі жыл — тәртіптік теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған адамдарға;
үш жыл – әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға;
бес жыл — ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған адамдарға.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.