Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) германиялық Винченцо Гуальтиериді (21-0-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтьеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.
«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» — деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта екі чемпиондық белбеуге қол жеткізді.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.