Жәнібек Әлімханұлы Стивен Батлерді нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында өткен бокс кешінде канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Он екі раундтан тұратын жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша орта салмақта қазақстандық боксшыға тиесілі чемпиондық белдік сарапқа салынған еді.
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, кейін нокаут тіркелді.
Бұл Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы он төртінші жекпе-жегі. Отандасымыз WBO чемпиондық белдігін қорғап қалды.
Фото: ашық дереккөз
#Қазақстан #ЖәнібекӘлімханұлы #Спорт
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.