English version

Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы атанды

Контекст дня — 13 ноября 2022 16:15
0 -1

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Дензел Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді.

12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Әлімханұлын жеңімпаз деп атады.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы 13-ші жекпе-жегін өткізді. Айта кетейік, боксшы 13 жекпе-жекте де жеңіске жеткен.

– Бұл бокс. Боксшылар рингке 100% дайын шығады. Бентли дайын болды. Бұл менің 12 раундқа жеткен алғашқы толық жекпе-жегім. Әлі де жұмыс істеу керек. Қателерді ескеріп, дайындаламыз, – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Жекпе-жек өте тартысты өтті. Бірінші раундтарда британдық боксшы көбірек қорғанып, қарсыласын зерттеді.

Бұл кездесуде Жәнібек орта салмақтағы WBO чемпионы белбеуін қорғады. Жәнібек Әлімханұлы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанған еді.

Фото: twitter.com/qazaqstyle


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.