Жаңаөзенде мұнайшылардың наразылығы басылмай тұр
Жаңаөзенде мұнайшылардың наразылығы жалғасып жатыр. «Мөлдір Мұнай Сервис» компаниясының 26 жұмысшысы қызметкерлердің айлығын теңестіруді талап етуде, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.
18 жұмысшы компанияның Жаңаөзендегі ғимараты алдында «сулы» аштық жариялаған. Бір адам денсаулығы нашарлағандықтан аштықты тоқтатқан. Жұмысшылардың туыстары олардың қауіпсіздігіне алаңдап жатыр.
– Біз олардың жанында кезекпен түнеп кетіп жатырмыз. Себебі, соңғы күндері оларға азаматтық киімдегі белгісіз кісілер келіп, қорқытып жатыр, – деді жұмысшылардың бірінің жұбайы.
«Мөлдір Мұнай Сервис» компания басшылары қаржы мәселесіне байланысты жұмысшылардың талабын атқару мүмкін емес екенін айтты.
Фото: sputnik
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.