Ya Metrika Fast


English version

Жаңаөзендегі жарылыс: апат орнында үйінділерді аршу жұмыстары жүріп жатыр

Контекст дня — 17 апреля 2023 14:50
0
Изображение 1 для Жаңаөзендегі жарылыс: апат орнында үйінділерді аршу жұмыстары жүріп жатыр

17 сәуірде Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды.

Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған, деп хабарлайды Exclusive.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.


– Қазіргі уақытта үйінділердің астынан: 2000 ж.т. зардап шеккен әйел және 1994 ж.т. қайтыс болған азаматтың денесі алынды. Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала: 5 адам ауруханаға жатқызылды, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ТЖМ


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.