Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккендерге пәтер берілді
Жаңаөзен қаласында болған төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған барлық отбасыға пәтер берілді, деп хабарлайды Exclusive.kz «ҚазМұнайГаздың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев биыл 17 сәуірде көп қабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан көз жұмған жандардың отбасына барып, өзінің және компания атынан көңіл айтты.
– Бұл өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Бастарыңызға сынақ түскен кезде біз шет қалмай, Президенттің тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз, – деді ҚМГ басшысы көз жұмған тұрғындардың туыстарына көңіл айтып.
Айта кетейік, қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасыға жанұядағы адам санына байланысты екі бөлмелі 2 пәтер, үш бөлмелі 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алды.
Фото: ТЖМ
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.