Жаңаөзендік мұнайшылар наразылық акциясын жалғастырып жатыр
Елордада наразылық акциясын өткізген жұмысшылар Маңғыстауға жетіп, өз талаптары орындалғанша «Өзенмұнайгаз» компаниясының алдында болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Біз Астана қаласынан аман-сау елімізден оралдық. Нақты шешім шыққан жоқ. Қалған азаматтар шешім шыққанша «Өзенмұнайгаз» ғимаратының алдында боламыз, – деді жұмысшылар.
Кейін «ҚазМұнайГаз» наразылық білдірген мұнайшылармен келіссөз туралы мәлімдеме жасады.
Компания «БерӘлі Маңғыстау company» мекемесінің бұрынғы жұмысшыларын қайта штатқа алу мүмкін еместігін және жұмысқа кезекке 9 мың адам тұрғанын хабарлады.
«ҚазМұнайГаз» еңбекті қорғау мен ұйымдастыру, бірыңғай тариф-біліктілік анықтаманы қолдану, тендер процедуралары мәселелері бойынша тәуелсіз комиссия құру мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.
Власть сайтының телеграм-арнасы хабарлағандай, жаңаөзендіктер келіссөзге журналистерді қатыстыруды талап еткен.
Фото: скриншот
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.