Жаңаөзендік жүргізушілері бензин бағасына наразылық білдірді
Ақтау, Жаңаөзен және Жетібай жүргізушілері жанармай бағасының қымбаттауына байланысты үндеу жасап, наразылық білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.
Ақтауға кіреберіс жерде Маңғыстау облысынан түрлі аудандарынан жиналған 100-ден астам жүргізуші наразылық білдірген.
– Қымбатшылық халықты қысып жатыр. Жанармай бағасын 295-тен 230-ға түсіруді талап етеміз. Жанармай қымбаттағаннан кейін тасымалдау құнын да қымбаттатуға мәжбүр болып тұрмыз, – деді жүргізушілердің бірі.
Айта кетейік, жиналғандар билікке екі талап қойды:
28 пайыз көтерілген жанармай бағасын қалпына келтіру;
Тасымалдауға шектеу қойған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің N715 бұйрығының күшін жою.
Фото: скриншот
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.