Жамбыл облысы: Лауазымды адамға жала жапқан белсенді 3,5 жылға сотталды
Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің өтініші бойынша сот шешімі шығып, белсенді азамат Нұрлан Қанатов пайдакүнемдiк ниетпен көрінеу жалған сөз сөйлегені үшін айып арқалады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Жамбыл облысы әкімдігінің «Облыстық кино орталығы» директоры Нұрлан Қанатовтың ісі бойынша сот отырысы өтті.
Қанатов әлеуметтік желіде билікті сынға алып, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібекті өзінің көлігін өртеп жіберді деп айыптаған еді.
Нұрлан Қанатов адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен көрінеу жалған сөз сөйлеу бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға сотталды. Ол сот залында қамауға алынды.
Айта кетейік, Қанатовқа қатысты ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген еді. (Адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен көрінеу жалған сөз сөйлеу).
Фото: azattyq



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.