Жамбыл облысында тағы бір сарбаз өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында шекара қызметінің сарбазы көз жұмды. 18 жастағы Бекбол Мираштың туыстары сарбаздың қайтыс болғанын растады. Марқұм Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында дүниеге келген.
«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, Бекбол отбасында үлкен ұл болған, оның қарындасы мен інісі бар. Әскерге осы жылдың көктемінде шақырылған. Еске салайық, шілде айының соңында Степногорск мен Ақтауда екі сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған еді.
– Қазір Тараздамыз. Денесін ұшаққа салып жатырмыз, – деді марқұмның туыстары.
Кеше Атырау облысындағы мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде кезекшілік атқару кезінде мерзімді әскери қызметші Нұрбек Ерғалиев көз жұмды.
Фото: Sputnik
Комментариев пока нет