English version

Жанболат Мамай 6 жылға шартты түрде сотталды

Контекст дня — 10 апреля 2023 16:30
0 -1

Белсенді, журналист Жанболат Мамай 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Сот үкімі бойынша, Жанболат Мамайға журналистикамен айналысуға, қоғамдық ұйымдардың жұмысына араласуға тыйым салынды. Оған «Қасақана жалған ақпарат тарату» (272-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған.

Еске салайық, 6 сәуір күні тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының басшысы Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтып, өзінің орнында «елді осындай нашар күйге жеткізіп, 30 жыл бойы елді тонағандар тұруы керек» деп мәлімдеді.

Фото: Азаттық


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.