Жанболат Мамай 6 жылға сотталуы мүмкін
Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікке ілінген белсенді Жанболат Мамай 6,6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Exclusive.kz.
26 қаңтар күні Алматы қалалық прокуратурасы Жанболат Мамайға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айып тақты.
Сегіз ай қамауда болған Мамай үй қамағына ауыстырылды. Сондай-ақ, оған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлау және жалған ақпарат тарату бойынша айып тағылды.
Бүгін, 4 сәуір күні прокурор соттан Жанболат Мамайды шартты түрде 6,6 жылға соттауды сұрады.
Үкім күшіне енген жағдайда Жанболат Мамайға 6 жыл бойы қоғамдық-саяси, журналистік қызмет, әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынбақ.
Фото: Азаттық
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.