English version

Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілді

Контекст дня — 28 октября 2022 18:10
0 -1

Қамауда отырған саяси белсенді Жанболат Мамайдың ісі үш бап бойынша сотқа жолданды.

Бұл туралы Қазақстанның тіркелмеген Демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамайлың жұбайы Инга Иманбай мәлімдеді.

– Қаңтар бойынша 400 бап (заңсыз митинг ұйымдастыру), 378 бап (полицияға тіл тигізу), 272 бап (несиелік амнистия бойынша жалған ақпарат тарату). Жанболат өзіне тағылған айыптың ешқайсын мойындамайды, өзіне қатысты істің барлығын саяси жала деп бағалайды. Естеріңізге сала кетейін, 24 қазан күні, яғни мен Еуропарламентте сөйлерден бір күн бұрын, Жанболаттан «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыпты алып тастап, оның Қаңтар бойынша ісін Қылмыстық кодекстің 400 бабына ауыстырған. Жанболат әлі де түрмеде. Билік бәрібір оны соттап, жазаға тартпақшы. Сондықтан, күрес тоқтамайды! Жанболатқа бостандық!, – деп жазды Инга Иманбай.

Айта кетейік, Жанболат Мамай 26 ақпан күні қамалды. Оны Қаңтар оқиғасынан кейін ұстап, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 15 күнгі әкімшілік қамауға алған. Кейін белсенді азаматты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танып, тергеу абақтысына қамады.

Фото: Азаттық

Изображение 1 для Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілді

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.