Жансақтау бөліміне түскен Жанболат Мамайдың жағдайы белгілі болды
Аурухананың жансақтау бөліміне түскен Жанболат Мамайдың жағдайы жақсарды. Бұл туралы оның жұбайы, қоғам белсендісі Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Бүгін Жанболаттың жағдайы кішкене жақсарып, тәбеті ашылды. Қызыл бөртпе әлі де кеткен жоқ, бірақ көбеюді де тоқтатты. Дәрігерлер жақсару динамикасы бар дейді. Жанболаттың денсаулық жағдайы дәрігерлер мен аурухана басшылығының бақылауында. Олар оның тезірек сауығып кетуіне көмектеседі деп үміттенеміз! – деп жазды Инга Иманбай facebook-те.
Сондай-ақ Инга Иманбай халықаралық ұйымдармен байланыста екенін айтып, Жанболат Мамайдың ем қабылдауына еш кедергі болмайды деп үміттенетінін жеткізді.
– Менімен халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипмиссиялар өкілдері де байланыста. Ендігі Жанболаттың ем қабылдауы еш қиындықсыз өтеріне үміттіміз, – деді ол.
Фото: azattyq



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.