Жапаров Қырғызстанның бұрынғы президенттерін бір үстелге жинады
Қырғызстанның президенті Садыр Жапаров Асқар Ақаев, Құрманбек Бақиев, Роза Отунбаева, Алмазбек Атамбаев және Сооронбай Жээнбековты бір үстелге жинады.
Елдің қазіргі президенті кездесудің бастамашысы ретінде бұл әрекетін елдің дамуы мен гүлденген болашағы үшін жасағанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Егер біз Қырғызстанның болашағы туралы ойлағымыз келсе, онда біз «акаевщина», «бакиевщина», «атамбаевщина», «отунбаевщина», «жээнбековщина» және басқа да атақтарды жоюымыз керек. Елдің болашағы туралы ойлау үшін барлығына бірігу қажет, – деді Жапаров.
Ол елдің бұрынғы басшыларының әрқайсысы өз реніштерін айтқанын, бірақ кемшіліктерін мойындағанын атап өтті.
– Ең бастысы, олар бір-бірін кешіре алды. Бұл менің мақсатым болды, – деді Жапаров.
Фото: AKLPress
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.