Жапонияда бұрынғы премьер-министр қастандық салдарынан көз жұмды
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ қастандық жасалғаннан кейін ауруханада қайтыс болды.
Таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министріне шабуыл жасалып, Синдзо Абэ ауыр жарақат алды.
Синдзо Абэнің атасы – Нобусуке Киси, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі. Оның әкесі — Абе Синтаро бұрын елдің Сыртқы істер министрі болған.
2000 жылдан бастап Абе Мори және Коидзуми Үкіметтерінде жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары Жапония либерал-демократиялық партиясының Бас хатшысы болды. 2005 жылдың қазан айында министрлер кабинетінің Бас хатшысы қызметін атқарды.
Синдзо Абэ 2006-2007 және 2012-2020 жылдары екі рет Жапонияның премьер-министрі қызметін атқарды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет