Жарты сағат автобус күткен Алматы әкімі қандай шешім қабылдады?

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қоғамдық көлікпен жүріп, қалаға жаңа автобустар сатып алуды шешті.
– Мәселелерді шешу керек. Егер BRT іске қосылатын болса, тиісті аралықтар болуы керек. Бірақ бұл бүгінгі күні жоқ. №32 маршрутта арқылы жүріп көрдім. Мен автобусты 33 минут күттім, өйткені төрт автобус жұмысқа шықпаған. Бізде көлік қоры жоқ екен. Сондықтан келесі жылы мәселені шешу үшін 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып аламыз, – деді қала әкімі.
Ерболат Досаев қоғамдық көлікке мінген кезде жолға қанша уақыт жұмсағанын есептеген.
– Біздің сарапшылардые қоғамдық көлікке мініп, көзбен көргенін қалаймын. Кез келген уақытта тексерсін. Жеке көлікте отырғанда бәрі басқаша көрінеді. Сондықтан біз BRT-ға қатысты шешім қабылдаймыз, – деп түйіндеді Досаев.
Фото: За нами уже выехали

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.