Ya Metrika Fast


English version

«Жатақхана, технопарк»: Тоқаев ҚазҰУ ректорына бірқатар тапсырма берді

Контекст дня — 7 ноября 2023 16:30
0
Изображение 1 для «Жатақхана, технопарк»: Тоқаев ҚазҰУ ректорына бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдап, университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары туралы ақпарат алды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түймебаевтың айтуынша, қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр.


– Жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек. Жуық арада 3 180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді, – деп жазылған ресми хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.