English version

Жаттықтырушы Седовтың суицид жасауына не себеп болғанын айтты

Контекст дня — 27 июня 2023 15:10
0 -1

Бүгін қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов 35 жасында қайтыс болды. Марқұм өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Жетісу облыстық полиция департаменті спортшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

– 35 жастағы ауыр атлеттің денесі өзі тұратын мекенжайы Қаратал ауданындағы Достық ауылынан табылды. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның туыстарының берген түсініктемесіне сәйкес, ер азамат өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір осы суицид фактісіне орай қылмыстық іс қозғалды, – деп жазылған хабарламада.

Дядя Ваня телеграм-арнасының тілшісі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорий Пакпен сөйлесіп, спортшының өлімі туралы тың мәліметтер айтылды.
 
– Седовтың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Несін жасырайын, ол психикалық аурудан зардап шекті. Сымбатты жігіт, қолында бәрі бар. Бірақ, бас аурына қатысты жиі мәселе туындайтын. Ол тұқым қуалайды. Сол себепті әйелімен ажырасып кетті және өмірінде басқа да мәселелер болды. Кәсіби спортта жоғары дәрежеге жетіп, кейін оның мансабы күрт төмендеді. Сол кезде ол ешкімге қажет емес болып шықты. Мен спортшымен 2005 жылы таныстым. Владимирдің бойында ауыр атлеттің барлық қасиеті болды. Туыстарына көңіл айтамын, – деді ол.
 
Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.