Жауапты сәтте Тоқаевтың айналасына топтасу керек – Мамин
Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинмен және Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбековпен бірге отырған фотосуретіне түсініктеме берді.
Қазақстандық БАҚ пен Telegram арналарында бұрынғы шенеуніктердің суреті тарады. Асқар Мамин фотосуреттің Нұр-Сұлтан қаласында түсірілгенін айтып, суреттің рас екенін растады.
– Шынында да, өткен жексенбіде (4 қыркүйек) Нұр-Сұлтандағы мейрамханаларының бірінде түскі ас кезінде менің жақын туыстарым ұйымдастырған қазақ дәстүрлеріне сәйкес іс-шара (сырға салу) өтті. Кейбір БАҚ-та айтылған болжамдар арандатушылық деп санаймын. Біздің еліміз қазір саяси трансформацияны қоса алғанда, дамудың тарихи кезеңінде тұр. Осыған байланысты, жауапты уақытта біз мемлекет басшысының айналасына топтасып, арандатушылар мен теріс пиғылды адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеуіміз керек деп ойлаймын, – деді Мамин.
Фото: әлеуметтік желіден
Комментариев пока нет