Жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады
Бүгін Гуанчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жарыс жолын аяқтады. Жалпы Қазақстан құрамасы 80 медаль жеңіп алды. Қоржында 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль бар, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, соңғы жарыс күнінде біздің спортшылар екі медаль иеленген.
Мөлдір Жаңбырбай каратэден әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, Шуанг Гудан жеңілді. Осылайша, күміс жүлдегер атанды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.