English version

Жазушылар Одағының жаңа төрағасы тағайындалды

Контекст дня — 12 мая 2023 16:30
0 -1

Мереке Құлкенов Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Қазақстан Жазушылар Одағының құрылтайы өтіп, Одаққа жаңа басшы сайланды. Бұрынғы төраға Ұлықбек Есдәулет түркі мемлекеттерінің Жазушылар Одағын басқаруына байланысты өз қызметінен кетті.

Мереке Әбдешұлы Құлкенов — 1951 жылы 8 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері. Құрмет орденімен, ұлттық журналистік сыйлық Алтын жұлдыз т.б. бірнеше медальдармен марапатталған.

Нұржан Қуантайұлы төрағаның бірінші орынбасары, Бауыржан Жақып — екінші орынбасары, Қасымхан Бегманов — үшінші орынбасары, Ғалым Қалибек — төртінші орынбасары, Бейбіт Сарыбай — бесінші орынбасары болып тағайындалды.

Фото: ашық дереккөз

#ЖазушыларОдағы #Қазақстан #Құлкенов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.