Жаңа санкция Ресейге және әлемге  қалайша әсер етпек? - Exclusive
Поддержать

Жаңа санкция Ресейге және әлемге  қалайша әсер етпек?

Рубль бағамының құбылмалы болатын түрі бар, алайда болашақта Мәскеу биржасына қарсы санкциялар оны біршама күшейтуі әбден мүмкін. Импорт саласында жаңа қиындықтар туындайды, яғни валютаға сұраныс азаяды.

12 маусымда Вашингтон Мәскеуді Ресей күнімен арнайы құттықтап, ресейдің қаржы, энергетика және технологиялық инфрақұрылымына қарсы тағы бір санкциялар пакетін енгізді. Сонымен, Ресей Банкіне долларды пайдалануға тыйым салынғаннан кейін екі жылдан кейін Мәскеу биржасы мен оның еншілес компанияларыатап айтқанда Ұлттық клирингтік орталық пен Ұлттық есеп айырысу депозитарийі санкциялар тізіміне еніп тынды.

Мұндай соққы іс жүзінде санкцияға іліккен компанияның жаһандық доллар жүйесінен оқшаулануын білдіретін анық, сондықтан Мәскеу биржасы американдық доллар және еуромен, ал келесі күні — Гонконг долларымен сауда жасауды тоқтатты. Соғыс басталғанға дейін биржа рубльге саудалаған ондаған валютаның төртеуі, яғни осы өзгерістердің негізгі бенефициарлары болып табылатын түрік лирасы, беларусь рублі, қазақ теңгесі және қытай юаны ғана қалды.

Уытты биржа

Мәскеу биржасы мен Ұлттық клиринг орталығы американың санкциялар тізіміне ілінуі мүмкін деген әңгіме екі жылдан бері айтылып жүргені белгілі. Ресей билігі тіпті газды рубльге сату транзакцияларында оны инфрақұрылымның міндетті бөлігіне айналдырып, айырбасты қамтамасыз етуге тырысып   жүргені де рас. Алайда мұндай әрекеттер көмек бола алмады, бүгінгі таңда Ресейде доллармен және еуромен сауда-саттық биржадағы валюталық сауданың жартысына  жуығын ғана  құрап отыр, яғни биржадан тыс режимге өтуде. Мұндай операциялардың тікелей сатып алушылар мен сатушылар арасында жүзеге асатынын білдіретіні сөзсіз, яғни экспорттаушылар валютаны тікелей қаржы институттарына береді, ал импорттаушылар сәйкесінше сатып алады.

Тікелей сауданың нәтижесінде спредтің кеңеюі орын алады, атап айтқанда валютаны сатып алу және сату бағалары арасындағы айырмашылық болады. Банктерге валюта сатушылармен де, сатып алушылармен де жұмыс істеу, оларды өз ішінде біріктіру тиімдірек болады. Яғни, банкаралық нарық комиссиялық сыйақылар жақсы ақша табатын бірнеше ірі ойыншылардың пайдасына бұрмаланатын болады.

Тағы бір объективті қиындық – барлық ірі экспорттаушылардың қазірдің өзінде санкциялар тізімінде тұрғаны белгілі. Ал санкция салынған компаниялармен транзакция жасамауға тырысып бағатын импорттаушыларға шетел валютасы ауадай қажет. Сондай-ақ санкцияға ұшырамаған банкаралық нарықтың ірі операторлары да жоқтың қасы. Мұндай операторлармен  шетелдік есепшот арқылы тікелей төлемдер жасау қиын шаруа. Осылайша, Ресейдегі валюта нарығы санкцияланған және санкцияға ілікпеген сегменттерге бөлініп тынатын сыңайлы, әрине олардың әрқайсысының өз бағамы болатыны белгілі.

Енді Орталық банк доллар мен еуроның рубльге қатысты ресми бағамын банк есептері мен цифрлық биржадан тыс сауда алаңдарынан алынған транзакциялар нәтижелері туралы деректер негізінде анықтайтын болады. Кейбір компаниялар өз клиенттері үшін индикативті валюта бағамын есептей бастады. Жеке және заңды тұлғалар бұрынғыша екі валютаны да ресейлік банктер арқылы сатып алып, сата алады, ал олардың шоттары мен депозиттеріндегі барлық қаражаттар « сол күйінде қала береді», — деп сендіруде Орталық банк. Шынында мұндай қауіпсіздік 2022 жылдың наурызынан бастап қолма-қол ақшаны алуға шектеулер шегінде қала беретін болады.

Рубль бағамы құбылмалы болады, алайда болашақта Мәскеу биржасына қарсы санкциялар оны біршама күшейтуі мүмкін. Импорт үшін жаңа қиындықтар туындайды, яғни валютаға сұраныс азаяды. Сәйкесінше, импорттық тауарлардың бағасы санкцияларды айналып өтудің жаңа, анағұрлым қымбатқа түсетін схемаларына байланысты одан әрі өсетін болады. Демек, Орталық банкке инфляциямен күресу одан сайын қиындай түсетін болады.

Жалғызбасты Юань

Жаңа санкциялар түптің түбінде юаньды Ресейдегі биржалық сауда мен есеп айырысулардың негізгі валютасына айналдырып тынады. Мамыр айында оның биржалық саудадағы үлесі тағы да жаңа деңгейге көтеріліп, 53,6%-ға жетті. Биржадан тыс нарықта оның үлесі 39,2%-ды құрап отыр, ал өткен жылғы сыртқы сауда құрылымында Қытай валютасы сенімді түрде жалпы көлемнің үштен сәл астамын құраған еді.

Американың санкцияларына қарамастан, юань саудасы жалғасу үстінде, дегенмен жаңа шектеулер өз ізін қалдырмай қоймайтыны шындық. Жаһандық қаржы жүйесіне қосылған қытайлық банктер қайталама санкциялардың қаупіне байланысты Ұлттық клирингтік орталықпен қарым-қатынас жасауларын үзетін болады. Содан кейін ықтимал нұсқалардың жүзеге аса бастауы әбден мүмкін не болмаса олардың орнын қайталама  санкциялардың сұсынан қорықпайтын, Ресеймен жұмыс істеу үшін ғана құрылған қаржы институттары басатын болады  немесе жаңа клирингтік делдал құрылады.

Мәскеу де, Пекин де құбылмалы санкцияларға бейімделе алатынын көрсетті. Екінші реттік санкциялар қаупіне байланысты жетекші қытайлық банктер ресейлік клиенттермен жұмыс істеуді тоқтатқан сәтте, олардың орнын аймақтық банктер басқаны белгілі. Қазақстан мен БАӘ-нің көптеген делдал компанияларының схемалары да белсенді түрде қолданыла бастады, компаниялар төлемдерде криптовалюталарды, соның ішінде долларға бекітілген Tether стейблкоинін да пайдалана бастады.

Ресейлік өнімдер қытайлық тауарларға айырбасталып жатса да транзакциялар мүлдем жүзеге аспайтын бартер барынша дамыды. Әрине, мұндай экзотиканың қалыпты халықаралық саудамен ортақтастығы шамалы екені рас, алада біз байқап отырған санкциялық экспериментті де қалыпты деп атауға болмайды.

Қаржы ғана емес

Қаржы институттарына қарсы салынған жаңа санкциялардан басқа, АҚШ Қаржы министрлігі әскери-өнеркәсіптік кешеннің де көкжиегін кеңейтті, ендігі жерде аталмыш салада қандай да бір байланыс жасалатын болса банктер санкцияға ұшырауы әбден мүмкін. Бастапқыда мұндай үрдіс Ресей экономикасының бес секторына, яғни  технология, қорғаныс, құрылыс, аэроғарыш және өндіріс саласына қатысты  транзакцияларды қамтығаны белгілі. Енді жерде № 14024 Жарлық негізінде санкцияға ұшыраған компаниялардың барлығы аталмыш тізімге қосылды. Шын мәнінде Америка Құрама Штаттары осылайша, жалпы лицензияларда көрсетілген тармақтардан басқа, бүкіл Ресей экономикасы үшін жұмыс жасап отырған компаниялар тіімін көрсетіп беріп отыр.

Жаңа тәсіл АҚШ-тың технологиялық компанияларына, Ресей аумағында жүрген  кез келген тұлғаға IT шешімдерін ұсынуға және кеңес беруге тыйым салады. Бұлтты сервистерді және кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін техникалық қолдауға және жаңартуға да тыйым салынады.

CRM (customer relationship management) және SAP, Oracle және басқа шетелдік компаниялар сияқты ERP (enterprise resource planning) жүйелерінің импортты алмастыруға  бейімделуі қиындық келтіріп отырғаны белгілі. Кейбір компаниялар өнімге қолдау көрсетті не болма лиценияларын жеке тұлғаларға сатып тынды. Осылайша, мұндай тыйымдар қаржылық инфрақұрылымға қарсы салынған санкцияларға қарағанда анағұрлым ауыр болып шықты. Кез келген ірі өндірістік немесе қаржылық бизнес, бизнес-процестерді айтарлықтай цифрландыруға байланысты қазір барған сайын IT-компанияларды еске түсіріп отырғаны белгілі.

Бұдан басқа, сұйытылған табиғи газ және көмір энергетикасы жобалары да санкцияға ұшырады. «Новатэк» компаниясының «Арктик СПГ 1» ААҚ және оның «Арктик СПГ 3», жобасы, яғни оның осы күні салынып жатқан жеті газ тасымалдаушысы, сондай-ақ Обь шығанағындағы «Мурманский СПГ» зауытының жобасы және аталмыш нысандарды салып жатқан «Русгаздобыча», «Роснефть» компаниясының бұрынғы басшысы Эдуард Худайнатов негізін қалаған «Коулстар» холдингімен байланысты құрылымдар және Альберт Авдолян мен Александр Исаев құрылымдарына тиесілі Эльга көмір кен орнын игеру жобалары да санкциялар тізімінде.

Ірі компаниялардан өзге санкциялар тізіміне  ұсақ делдалдар мен санкцияларды айналып өте алатын бір күндік фирмалар ілігіп отыр. Мәселен, Ресейге 80 000 долларға ұшақ бөлшектерін тасымалдайтын молдаваның Aerostage фирмасы  аталмыш тізімнің қатарында. Демек АҚШ Қаржы министрлігі жеткізу, тасымалдау көздерін жауып жатқаны белгілі. Мұндай тізімнің қармағына түсетіндері қарасы алдағы уақытта артатын көрінеді.

Эксперименттер алаңы

Жаңа санкциялар пакеті мен оған қатысты терминология көкжиегін кеңейту Ресей экономикасы үшін өте ауыр болатын тәрізді. Мұндай әрекеттер өнімділікті төмендетіп, шығындар санын арттырады. Яғни пайданы азайтады әрі инфляцияны күшейтеді. Иммундық жүйе әлсіреген тәрізді құбылыс орын алатын болады,  яғни дене өлмейді, бірақ өмір сүру қиындап, тәуекелдер артатын болады.

Екі жарым жылға созылған соғыста түрлі юрисдикциялардағы делдалдардың тұтас бір инфрақұрылымы өсіп жетілді, санкцияға ұшыраған жеткізу көдерін тез қалпына келтіру схемалары әзірленді, жергілікті инфрақұрылымды пайдалана отырып, юань мен рубльдегі есеп айырысулар жолға қойылды.

Сондықтан жаңа санкциялар қазір емес сонау 2022 жылдың басында енгізілгенде Ресей экономикасына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін еді. Мұндай санкциялардың әсері тек ұзақ мерзімді перспективада ғана толығымен көрініс табатын болады. Оның үстіне мұндай ықпал ету әсері тек Ресей экономикасына ғана қатысты болмайды.

Бүкіл әлем Ресей мен Батыстың санкциялық текетіресін жіті бақылап отыр, олар жаһандық қаржы жүйесінің саясилануының күшеюіне алаңдаулы. Азия елдері мен Парсы шығанағы монархиялары арасында ғана емес, әлемдік резервтегі еуро үлесінің төмендеуіне алаңдаушылық білдірген Еуропалық Орталық банкте де алаңдаушылық легі артып отыр. Баламалы қаржылық инфрақұрылымға сұраныс Ресей мен Украина арасындағы соғысқа дейін де болған.

Ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен ажырату және қайталама санкциялар тізімінен шығару қытайлық CIPS, үнділік экспорттық  upi-like жүйелерін және басқа да балама көздерді жедел дамыту үшін күшті ынталандыру болғаны шындық. Әрине, доллардың үстемдігіне нақты қауіп төнгенше тым алыс, алайда әлемдік қаржы жүйесінің бөлшектену тенденциясын енді қайтару мүмкін емес.

Дереккөз осында.

Александра Прокопенко




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.