Жемқорлық: Шымкент әкімінің орынбасары ұсталды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады.
– Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүзеге асырылуда және барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді, – деп жазылған ҰҚК хабарламасында.
Айта кетейік, Мақсұт Исахов 2020 жылдың ақпан айында Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қалалық әкімдікте көлік және автомобиль жолдары, еңбек инспекциясы, туризм, дене шынықтыру және спорт, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызметтер мәселелеріне, сондай-ақ цифрландыру саласына, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауға жетекшілік етті.
Фото: shymkent.gov.kz



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.