English version

Жемқорлық, вандализм: Президент бірнеше заңға қол қойды

Контекст дня — 3 января 2023 16:10
0 -1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Президент қол қойған заңдар тізімінде вандализм, ит тұқымдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптары бар.

– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп жазылған хабарламада.

Изображение 1 для Жемқорлық, вандализм: Президент бірнеше заңға қол қойды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.