English version

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Контекст дня — 4 января 2024 15:35
0 -1

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алу бойынша күдікке ілінді. Бұл іске қатысты Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Айта кетейік, қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.