Жигули Дайрабаев құлдықта ұстау дерегі бойынша жауап берді
Мәжіліс кулуарында депутат Жигули Дайрабаев Василий Ковешниковтың айыптауына жауап берді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Бұл шындыққа жанаспайды. Бізде адвокат бар, ол бұл мәселемен айналысды. Маған дайындалуға мүмкіндік беріңіздер, – деді Дайрабаев.
Сондай-ақ, депутат Ковешниковпен жеке таныстығы жоқ екенін атап өтті.
– Мүмкін мені көрген шығар, мені көпшілік біледі. Мені 20 миллион халық біледі. Бұл адамды білмеймін. Бұл мәселемен адвокаттар айналысатын болады. Біз олардан жауап күтеміз, кейін мен жауап беремін, – деді ол.
Журналистердің депутаттық мандатыңызды тапсырғыңыз келмей ме?» деген сұрағына «маған ондай сұрақ қоймаңыздар, ұят болады» деп жауап қайтарды.
Коллаж: Exclusive.kz
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.