Жигули Дайрабаев президенттікке үміткерлерге қойылатын барлық талапқа сай келеді – ОСК
«Ауыл» партиясының мүшесі Жигули Дайрабаев президенттікке үміткерлерге қойылатын барлық талаптарға сай келеді. Бұл туралы ОСК хабарлады.
ҚР Орталық сайлау комиссиясында сайлау туралы Конституциялық заңның барлық тармақтарына сәйкестігі туралы хаттамаға қол қойылды. Жигули Дайрабаев ресми түрде президенттік жарысқа қатысушы ретінде тіркелген.
Орталық сайлау комиссиясы жанындағы лингвистикалық комиссияның мүшелері президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен мен Жигули Дайрабаевтың қазақ тілі бойынша емтиханды қалай тапсырғанын айтып берді
Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов жоғары лауазымға үміткерлердің екеуі де кішігірім қателіктерге қарамастан емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты. Бес балдық шкала бойынша Қажыкенге 4, Дайрабаевқа 5 деген баға қойылған.
– Біз сауаттылықты тексердік, өз ережелеріміз бар. Екіншіден, біз адамның тақырыпты қаншалықты аша алатынын, берілген тақырып бойынша өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатынын тексердік. Екі үміткер де абыроймен өтіп, өздерін жақсы жағынан көрсетті, – деді Дихан Қамзабекұлы.
Фото: Спутник
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.