Ya Metrika Fast
English version

Жигули Дайрабаев ресми түрде президенттікке үміткер болып тіркелді

Контекст дня — 17 октября 2022 14:30
0
Изображение 1 для Жигули Дайрабаев ресми түрде президенттікке үміткер болып тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың тіркеуге қажетті барлық құжаттар комиссияға ұсынылған және талаптарға толық сәйкес келеді.

– Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты тіркеу үшін қажетті барлық рәсімдер сақталды. Орталық сайлау комиссиясы Жигули Дайрабаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, – ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы шетелдік бақылаушыларды тіркеді.

– 17 қазандағы жағдай бойынша ОСК-ға СІМ-ден 4 халықаралық ұйымдардан және бір шет мемлекеттен 43 байқаушыны аккредиттеуге құжаттар ұсынылды. Оның ішінде ТМД миссиясы – 6, ТМД ПАА – 17, ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясы – 13 бақылаушы,түркі мемлекеттері ұйымынан – 5 бақылаушы, Грузиядан 2 бақылаушы бар, — деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 2 для Жигули Дайрабаев ресми түрде президенттікке үміткер болып тіркелді

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.