Жигули Дайрабаев «Respublica» партиясының өкіліне ескерту жасады
Кезектен тыс президент сайлауында үміткер болған Жигули Дайрабаев «Respublica» партиясының өкіліне ескерту жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ол «Республика» партиясының лидері Айдарбек Ходжаназаровтың «Фермерлер біздікі» деген сөзімен келіспейтінін айтты.
– Жақында «Республика» партиясының лидері Айдарбек Ходжаназаров: «Фермерлер біздікі!» депті. Бұған айтарым бар. Біріншіден, фермерлер біздікі, мыналардікі, аналардікі дейтіндей зат емес. Оларды қорға, дамыт, бірақ іріткі салма. Еңбек адамдарын бөлме. Екіншіден, Айдарбек інім, Парламентке барам десең, заң талаптарын біл. Халқымызға зиян келтіруші болма. ГМО өнімдерін өсіргеніңді өзің де айттың. Оның адамға зияны жоқ екені дәлелденбеген. Сонда партияңмен бірге ГМО-ларыңды басқаларға үйретпекшісіңдер ме? Ол – дұрыс мәселе емес. «Ауыл»партиясы ауыл мүддесін кімнен болса да қорғайтынын біліп жүр. Ауылға зиян келтіруге жол бермейміз, – деді Дайрабаев Facebook-тегі парақшасында.
Фото: ЭК
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.