English version

Жоғарғы Сот Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевты толық ақтады

Контекст дня — 19 июля 2022 12:50
0 -1

ҚР Жоғарғы соты қазақстандық журналистер Сейітқазы Матаев пенмен Әсет Матаевты толық ақтап, оларға қарсы қозғалған қылмыстық істі заңсыз деп таныды.

Жоғарғы Сот Астана қаласы сотының Сейітқазы мен Әсет Матаевқа қатысты 2016 жылғы 9 желтоқсандағы үкімінің күшін жойды. Сондай-ақ, Матаевтардың ақталғанын, қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге құқығы бар екенін түсіндірді.

Айта кетейік, Сейтқазы мен Әсет Матаевтар 2016 жылы сотталды. Сейітқазы Матаев дүние-мүлкін кәмпескелеумен және өмір бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен қоса 6 жылға, Әсет Матаев жеке дүние-мүлкін кәмпескелеумен қоса 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: КазТАГ


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.