English version

«Жолдар нашар»: Үкімет басшысы көлік апаттарына қатысты тапсырма берді

Контекст дня — 4 октября 2022 11:30
0 -1

Бүгін Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын енгізу, жол қауіпсіздігі мәселелері қаралды.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов көлік апаттарына негізі себеп болатын факторды атады.

«​​Көлік апаттарының негізгі себептері – жолдардың нашар жағдайы. Халық тарапынан жолдың сапасына қатысты шағым өте көп. Айталық, 26 қыркүйекте Ақтөбеде тұрғындар айналма жолды жауып тастады. Себебі ол жолда не жарық жоқ, не жаяу жүргінші өтетін жер, не қауіпсіздік элементтері жоқ. Мұның бәрі жол апатына алып келеді», – деді Смайылов.

Сондай-ақ, жол қауіпсіздігі үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық бақылау құралдары жеткіліксіз екенін айтты.

«Жол қауіпсіздігі саласында бейнекамералар мен басқа да техникалық бақылау құралдары жеткіліксіз. Республикалық маңызы бар автожолдарда бейнебақылау жүйесі тек Ақмола облысында ғана бар. Біздің басты міндетіміз – жол қауіпсіздігі, жол апаттары мен одан қаза болу жағдайларын азайту бойынша кешенді шешімдер қабылдау», – деді ол.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.