Жолды жөндемесек қыстан шыға алмас едік – Досаев
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қала көшелеріндегі кептеліс үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Әкім Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қаланы дамытуда инфрақұрылымды реттеудің маңызды екенін айтып, әл-Фараби және Абай көшесін жөндеуге не себеп болғанын айтты.
– Неліктен біз биыл екі негізгі жолды жөндеп жатырмыз? әл-Фараби 2010 жылдан бері, Абай 2012 жылдан бері жөндеу көрмеген. Ал, мамандардың айтуынша, биылғы жылы осы екі жолды жасамасақ, қыстан шыға алмас едік, – деді қала әкімі.
Алматы тұрғындары қалада көлік кептелісінің жиілеп кеткенін айтады. Бұдан бөлек Ерболат Досаевтың отставкаға кетуін талап еткен петиция жарияланды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.