Журналист Думан Мұхаммедкәрім 2 айға қамалды
Журналист Думан Мұхаммедкәрім 2 айға қамауға алынды.
Адвокат Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхаммедкәрімнің “экстремизмді қаржыландыру” бабы бойынша күдікті деп танылғанын мәлімдеді, хабарлайды Exclusive.kz.
Адвокаттың айтуынша, қамау туралы сот 22 маусым күні кешкі сағат 22:00-да өткен.
Айта кетейік, 25 күнге қамалып шыққан Думан Мұхаммедкәрім 28 мамыр күні қайта ұсталған еді.
Журналист қазір Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторында қамауда отыр.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.