Журналист Думан Мұхаммедкәрім қайта тұтқындалды
Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу бабы бойынша 25 тәулікке екі рет қамалған Думан Мұхаммедкәрім қайта тұтқындалды. Бұл туралы адвокат Ғалым Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
– Маған Іле аудандық полиция бөлімінен қайта хабарласып жатыр. Думанды қайта ұстаған. Думан қамауда отырған кезде [YouTube арнасында] бірнеше видео шыққан. Солардың бірінде “митингіге шақырған-мыс”. Қазір Есіктемін, – деді адвокат.
Екі күн бұрын, 26 мамырда қамаудан босап шыққан Думан Мұхаммедкәрім сотта сараптама жүргізілмегенін және өзін заңсыз қамағанын айтты.
Прокурор журналистің 30 сәуірдегі бейнежазбасын митингіге шақыру туралы «жасырын үндеу» деп айыптады.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.