Ya Metrika Fast


English version

Журналист Думан Мұхаммедкәрім тағы да аштық жариялады

Контекст дня — 1 сентября 2023 18:13
0
Изображение 1 для Журналист Думан Мұхаммедкәрім тағы да аштық жариялады

Қамауда отырған журналист Думан Мұхаммедкәрім тағы да аштық жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Журналист аштықты 1 қыркүйекке қараған түні сағат 00-де бастаған. Думан Мұхаммедкәрім өзін дәрігерлерге қаратуды сұрады.

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, дәрігергер журналисті “ауруханаға алып кетіп емдейміз” деп, кейін келмей қойған. Қазір журналистің бүйрегі, асқазаны сыр бере бастаған, оған шұғыл медициналық көмек керек.


Айта кетейік, Думан Мұхаммедкәрім экс-банкир, оппозиционер Мұхтар Әблязовтан сұхбат алғаны үшін «тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша күдікті деп танылды.

Коллаж: ulysmedia


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.