English version

Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру қажет – Тоқаев

Контекст дня — 20 октября 2022 15:10
0

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып, Жетісу облысы жұртшылығымен кездесті.

Жетісу жұртшылығымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, марқұм Бейсен Құранбек туралы естеліктер айтты.

– Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал, Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті, – деді президент.

Сондай-ақ президент Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру ұсынысын қолдады.

– Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан, бастаманы қолдау қажет деп санаймын, – деді мемлекет басшысы.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру қажет – Тоқаев
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.